Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Батыс Қазақстандағы ауыл әкімінің көлік жүргізушісін қорлап өлтіріпті

Әкім көлігінің жүргізушісінің денесі 2-желтоқсанда өз үйінен табылған болатын. Оның буындырылып өлтірілгендігі айтылады. Сол күні ол жұмысқа шықпаған. Виктор Яковенконың денесін оның үйіне келген бауыры көрген.

“Менің әкім болғаныма осымен екінші апта ғана. Қаза тапқан жігітпен жақсы таныспын деп нақты айта алмаймын. Дегенмен мінезі жайлы еді, ешқандай да зиян әдеттері болған емес. Әкімдікте шамамен екі жылдай жұмыс істеген”, – деді ауыл әкімі Талғат Қантеміров.

Виктор Яковенко 5-желтоқсанда өз ауылында жерленді.

Куәгерлердің айтуынша, Виктордың үстінде әйелдің киімдері болыпты, тіпті іш киімі де. Көршілер қаза тапқан жігіттің өз үйінде орындыққа байлаулы табылғанын айтады.

“Ал аузында әйелдің шұлығы болған. Оны өлтіргендер шұлықты жас жігіттің аузына тыққаны сонша, оның алып шығу мүмкін болмаған”, – деп жазады басылым.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ауылда тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полицейлер ауылдағы барлық жасөспірімнен жауап алуда. Бірақ құқық қорғау органдарының ешқайсысы әзірше бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз