ҚР Бас прокуратурасында бүгін өткен бизнесті қорғау мәселелері жөніндегі алқа отырысында әкімшілік іс жүргізу саласында бизнеске қысым жасауды азайту үшін заңнамалық түзетулер ұсынылып жатқаны айтылды.
Соңғы 1,5 жылдың ішінде соттар және мемлекеттік органдар 160 кәсіпкерге 26 млрд айыппұл салған. Бұл – барлық салынған айыппұлдардың үштен бір бөлігі, яғни өте жоғары көрсеткіш.
Мамандар Әкімшілік қылмыстық кодекстегі көптеген баптар қарастыратын айыппұлдар сомасы тым жоғары деп есептейді. Олар бизнесті дамытуға бөгет болуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңда ҚР бас прокуратурасы осы реттегі өзгерістерді қарастырып жатыр екен.
– Мысалы, табиғи монополиялар субъектілерінің есебін тапсыру мерзімін бұзғандар 510 мың теңгеге дейін айыппұл көлемінде жазаланады (200-ден 240-қа дейін АЕК; ӘҚБтК-нің 164-бабының 1-бөлігі). Сондықтан бизнеске әкімшілік қысымды төмендету үшін әкімшілік кодексте қысқартылған тәртіпті енгізу әзірленуде. Атап айтқанда, кінәні мойындаған кезде айыппұл жартысына дейін азаяды. Сондай-ақ, жеңілдететін мән-жайлар болатын болса, айыппұлды 30 пайызға дейін төмендету ұсынылды (егер бірінші рет, абайсызда жасалған болса және т.б.), – деді ҚР Бас прокуроры.
Сондай-ақ заң шеңберінде тоқтатылған рұқсат беруді мерзімінен бұрын қайта қалпына келтіре отырып, осы проблема шешілмек. Сотқа бизнес қызметін баламалы негізде тоқтату құқығы ұсынылмақ.