«Балалар Жаңа толқыны-2016» ән байқауында Қазақстан 3-орын алды

67 просмотров

Қырымда өткен «Балалар Жаңа толқыны-2016» жас орындаушылар байқауында 11 жастағы Жанель Сәдуақас жүлдегер атанды.

Жас әнші өткен жылы «Жаңа толқын» байқауында екінші орынды иеленген қазақстандық әнші Әдемінің шәкірті.

«Жаңа толқын» балалар байқауында ел атынан сүйкімді ханшайым, менің шәкіртім Сәдуақас Жанель қатысады! Сіздер қолдайды деп үміттенеміз», — деп жазған болатын Әдемі өзінің Инстаграмдағы парақшасына.

Финал Қырымда «Артек» халықаралық орталығында 11-13 тамыз аралығында өтті. Байқауға әлемнің 11 елінен (Ресей, Армения, Абхазия, Латвия, Мальта, Қазақстан, Қырғызстан, Корея, Румыния) 8-12 жас аралығындағы 15 бала қатысты.

«Балалар Жаңа толқыны-2016» байқауының әділқазылары: Евгений Крылатов, Лев Лещенко, Ирина Дубцова, Сергей Лазарев, Филипп Киркоров. Әділқазылар төрағасы — Ресей халық әртісі, продюсер, композитор Игорь Крутой.

Сонымен, балалар байқауында бірінші орынды ресейлік конкурсанттар, яғни 12 жастағы Алексей Забугин және «ЭЙ’ВА» триосы бөлісті. Екінші орын Мальтадан келген 10 жасар Эйла Манжон мен Арменияның 8 жастағы өрені Михаил Григорянға бұйырды.

Мұнымен қоса, жүлделі үшінші орыннан Қазақстаннан барған жас әнші Жанель Садуақас пен 10 жасар ресейлік Мария Мировая көрінді.

Загрузка...