Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-16
USD
525
+1.39
EUR
546
-3.47
RUB
5.09
+0.02

Бала-шағасы шетелде шалқып жүрген шенеуніктерге жаза бола ма?

179

Ендеше таяуда құрылған мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін қарайтын этикалық кеңестің, сол секілді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның құлағына алтын сырға!

Бұл жайтты талқылауларыңыздан тыс қалдыруға болмайды ғой. Қалай дегенмен де олар шашып жүрген ақша елдікі екен.

Тағы бір мысал. Көрші Ресейде бір жылдары шенеуніктердің шетелдегі бала-шағасын елге қайтару туралы мәселе талқыланған. Қалай дегенмен де бұл моральға қайшы дүние ғой. Мемлекет отбасынан құрылады дейміз. Ал сол мемлекеттің басты қызметіндегілердің отбасы басқа мемлекетте тұрады…

Иә, саясаттанушы Айдос Сарым Facebook-тегі жеке парақшасында „боинг-эмиграция„ деген феноменді кеңірек зерттеп, шенеуніктердің бір табын анықтап, оған былайша баға береді:

– Өмір көрсетіп отырғандай, бала-шағасы әлдеқашан шетел асып кеткен бізде шенеуніктер бар. Әрине, содан соң олар ары-бері ұшуға мәжбүр. Жұмыс, бала-шаға деп екі ортада шабылып, зорығып жүрген отағасының жайы қалай екенін білмейміз. Белгілісі, оның шетел асқан үрім-бұтағы сол мекен еткен ортаға әлдеқашан сіңісіп кеткені, сондықтан оларға сол жақта өмір сүрген ыңғайлы екені. Әсіресе, кіші буын үшін, өйткені кішкентайынан сол жақтың элиталы мектебі мен колледжде оқыған, қалыптасқан ыстық ортасы бар дегендей.

Алайда аға буынға бөтен жердің ауа-райы жаға қоюы екіталай, сыртта жұмысқа тұру да оңай емес. Сондықтан үйдің үлкен кісілері бергі жақта. Бастысы, шетелдегі бала-шағаға үлкен болса да күтуші, үй шаруасын жалдау керек. Солай етеді де. Олардың басым бөлігі Қазақстанға оралғысы жоқ. Онысы түсінікті де, ол жақта жағдай жақсы, жайлы ғой… Бірақ бір үлкен мәселе бар: Қазақстаннан қаражаттың тұрақты келіп тұруын қамтамасыз ету, сонымен қатар үйдегі жиын-тойға тұрақты барып тұру, визалық режимді сақтау, төлқұжаттың мерзімін ұзарту, бітпейтін тағы да басқа тұрмыстық мәселелер…

Негізі, адам басындағы мұндай күй көптеген моральдық мәселелерді қозғайды: іштей жегідей жейтін, шешімі табылмай, күйзелтетін, толғандырып, қатты қинайтын. Өйткені олар жеке тұлғадан басталып, жалпы пәлсапалық, саяси деңгейге дейін күрделеніп кете береді.

Мысалы, бір күні ондай шендінің басына таңдау түседі. Қашанғы ол тиін секілді зырылдап ақша таба береді, шаршайды ғой не болмаса тоқтау керек болады. Сол кезде бас қатыруға тура келеді. Кімге қызмет ету керек деп. Қайтыс болатын осындағы әке-шешесіне ме? Әлде әрекеті тұрлаусыз тоқалдарға ма? Кім үшін жұмыс істеп, кім үшін еңбек ету керек? Қандай ел үшін, қандай құндылық үшін, қайсысына? Осында қаласың ба әлде Отанын дұрыстап білмейтін, оны сүймейтін бала-шағаға шетелге барасың ба? Кімге адал болу керек, өзі?..

Міне, осындай екі түрлі жағдайдағы адамдардың есінің дұрыс болуы да екіталай. Мұндайда адам іштей адасып, күйзеліске ұшырайды. Психикалық жағдайы одан да қиындай түсуі мүмкін. Адамдарды үш тілді үйренуге үндейді, ЭКСПО құрады, патриот болады, бірақ соңғы нәтижеге ешқайсысы бас қатырғысы келмейді. Өз ұлттының қажеттілігі туралы айтпағанның өзінде.

Бірақ соған қарамастан билікте отырған әрбір секунды — 1 доллар, 1 минуты — 60 доллар, 2 минуты — 120…

Иә, мотивтер өзгереді, қалай болғанда да.

Осындай шенеуніктері бар елдің адамдары мұндағы тәртіп мен өмір сүру салтын сақтайды. Тек шенеуніктер емес, өйткені мұнда барлығы құм секілді бір сәтте сусып, жоқ болатынын олар жақсы біледі. Сондықтан да қолында билігі барлардың барлығы ақшаны сыртқа тасиды. Капиталды. Тіпті, үй немесе ғимарат сатып алғысы келсе де оны Қазақстаннан алмайды, басқа жақтан алады.

Олар шетелде бизнеспен де айналыса алмайды ғой, себебі бәсекеге қабілетсіз. Өйткені ондағы бизнес пен біздегісі жер мен көктей. Ал олар туған жерімізден гөрі, көкте көп жүреді…

PS. Боинг-эмиграцияның тағы бір мағынасы бар. Адамдар көкке жәйдан жәй көтерілмейді, қорыққандықтан да „қанат қағады„. Өзі үшін, балалары үшін, сырттағы жылжымайтын мүлкі үшін, биліктен айырылып қаламын ба дейді, бәрінен бұрын олар әбден талан-таражға салған сол билікте қалып кетуінен қорқады…

Бұл барлық шенеунікке қатысты деп айта алмаймын, бірақ бізде ондай тап бары рас.

Айдос Сарым, саясаттанушы

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз