Байлар шетелдегі вилла, пәтерлерді заңдастырып жатыр

36 просмотров

Қазақстан азаматтарының шетелдегі вилла, пәтер, жеке жайларын жариялау үрдісі екі есеге артты. Шетелдегі заңдастырылған мүліктің сомасы 5 млрд теңгені құрап отыр. Оның 90 пайызы — тұрғын үй.

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті департамент басшысының орынбасары мәлімдеді деп хабарлады astanatv.kz. Ал комитеттің даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов мүлік пен капиталды жария ету үрдісі жеңілдетілгенін айтты. Сондай- ақ, жариялауға жататын нысандар тобының кеңейтілгеніне тоқталды. Яғни бұл тізімге тұрғын үйлер мен бизнес-нысандар қосылған.

Ержан Біржанов, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің директоры:

Басқа елдерде көрсетілген тұрғын үйлер бойынша мемлекеттер саны ұлғайды. Бұрын 8 елде 33 нысан болса, бүгінде 16 елде 100 нысан көрсетіліп отыр. Саны ұлғайды. Бір тұлға 2 елде немесе 3 елде көрсеткен нысандар бойынша айта алмайды. Өйткені бұл құпия дерек.

Бүгінде мүлкі мен ақшасын заңдастырамын деген тұрғындардың 100 мыңға жуық өтініші қаралған. Өтініштердің жалпы сомасы 2,3 трлн теңге. Оның 2 трлн теңгесі заңға сай жария етілген. Дегенмен, 200 млрд теңгені заңдастыруға рұқсат етілмеген. Бұл соманың 70 пайызында құжаттары сай болмай, қайта жинау үшін өтініштер кері қайтарылған.

Қалған 30 пайызында да заңдастырамын деген нысандар талапқа сай келмеу себепті, рұқсат етілмеген. Айта кетерлігі, 2014 жылы басталған мүлікті жария ету акциясы осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Загрузка...