Бүгін балаларға тегін медициналық көмек көрсетіледі

47 просмотров

1-маусымда Халықаралық балалар құқығын қорғау күні еліміздің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында балалар үшін ашық есік күні өтеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

ребенок-с-мамой-у-врача

Бұл күні кішкентай пациенттер үшін бейінді мамандарды шақыру арқылы (педиатрлар, невропатологтар¸ эндокринологтар, окулистер, хирургтар, ортопедтер, кардиологтар, нефрологтар, иммунологтар, балалар жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу бойынша мамандар және т.б.), кесте бойынша дене салмағын, бойын, артериалды қан қысымын өлшеп, көзінің көруін тексеру шаралары жүргізіледі.

Бұл күні болашақ аналар үшін емізуді қолдау бойынша «емізудің 10 қағидасы» атты семинарлар, сондай-ақ, дені сау бала кабинеттерінде балалар мен мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналар үшін имуннологиялық профилактика, дұрыс тамақтану, жеке гигиена бойынша шаралар, медициналық кабинеттерде — битшеңдік, қышымаға тексеру және оларды емдеу шаралары өткізіледі.

2016 жылы баланың денсаулығын ерте жастан сақтау мен нығайту, қоғамдық және жеке гигиенаның, балалар мен жасөспірімдердің бойында денсаулық сақтау әдеттерін қалыптастыру, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілетін барлық шаралар «Басты байлық — балалардың күлкісі!» ұранымен жүргізілмек.

СӨС Ұлттық орталығының мәліметінше, Қазақстанда 2015 жылы 9 жастағы балалар арасындағы шамадан тыс дене салмағының таралуы — 12,3пайыз, семіздік — 6,3пайыз болған.

Загрузка...