Соңғы кездері интернеттегі жартылай жалаңаш, әртүрлі ерсі қылық істеген қазақ қыздарының қылығын көрсек қатты қынжылатын болып жүрміз.
Осыдан 4-5 жыл мұндай дүниелерді сирек көретін едік. Бірақ қазір қазақ қыздарына бөксесін жалаңаштау, кеудесін көрсету қалыпты дүниеге айналып кеткендей. Құдай сақтасын, қазақ қыздарының барлығына топырақ шашпаймыз.
Тәрбие қайда, тәртіп қайда? Бұл қыздардың ата-аналары, туған-туысқандары жоқ па? Бірнәрсе істеу керек қой. Осыдай кейін барып біздің қыздарға өзге ұлттың өкілдері тиіседі. Танысқысы келеді. Әрине, бұзық оймен тиіседі.
Кеше бір жаңалықтан оқыдық. Сауд Арабиясында Дін полициясы бар екен. Қоғамдық тәртіп пен ұстанымға, дін мен моральға қарсы келгендерді жазалайды, жауапқа тартады. Дұрыс. Адам ақыл үйрететін таяқ. Басқа амал жоқ.
Бәлкім, бізге де осындай бір құрылым құру керек шығар. Әйтпесе бет-алды кетіп барады. Қыз бұзылса қоғам бұзылады. Заман азады.
Өз басымыз қазақ қыздарының жүріс-тұрысын, тәртібін бақылайтын бір министрлік құру керек деп ойлаймыз. Жоқ, рас. Онсыз да аты бар, бірақ заты немен айналысатыны белгісіз министрліктер көп қой бізде. Ал мұндай орган құрсақ елге, қоғамға пайдалы іспен айналысар еді.
Қазақ қыздарын тәрбиелеуді сол қыздардың ата-аналары ғана емес, мемлекеттің өзі де қолға алатын кез-келген сияқты.
Ілгеріде айтқан әлеуметтік желілерде желіккен қазақ қыздарының неше-түрлі жаға ұстатарлық суреттері өріп жүр. Мынау — солардың кішкентай бір парасы ғана. Мәселе олардың жарнамалау емес. Масқаралау. Өздерін сыртынан көрсін. Ұялсын. Әй, бірақ жалаңаш суретін жалпақ жұртқа жария еткен мұндай қыздар біздің сөзімізді тыңдасын ба?