Қазақтың мұсылман болғанын Ресей қаламаған. Немесе Тәңіршілдікті ойлап тапқан кім?

451 просмотров

Алматының мың жылдық тарихы бар. Тәңіршілдік деген жасанды дін. Бірақ осы дәлелденген дүниеге қоғамымызда дау туғызатындар әлі көп. Сондықтан бұл ретте біз тарихшы ғалым Нұрлан Салтаевтың Фейсбуктегі жеке парақшасындағы осы мәселеге қатысты жазбасын жариялауды жөн көріп отырмыз. Мұндағы тарихи дәйек  «Алматының тарихы Верныйдан басталады немесе қазақ таза мұсылман болған емес» деп аузы қисаймай айтып жүрген ағайындарымыздың аузына құм құя жатар, бәлкім…

Гасфорд
Батыс Сібір генерал-губернаторы — Густав Гасфорд (1794-1874жж)

Бұл арада тарихта орыс ғалымдары өз жазбаларында қазақ сөзінің орнына қырғыз дегенді пайдаланғанын баса айта кетелік.

А.К.Гейнстің 1987 жылы жарық көрген «1965 жыл. Қырғыз даласына сапар күнделігінен» үзінді:

«…Айтқандай, жаңа біз басып өткен стансалар — Верный, Софьина және Надеждина. Барлық орыстар мен басқа қаладан келгендер Талғар станицасын сол күйі атаған, алайда ресми түрде оны Софьина станицасы деп зор қошеметпен атайды.

Ал Есікті Надеждинск дейді, Верный басында Алматы деп аталған станицаға қатысты қолданыла бастады. Осылайша қазақ ауылдарын орысшаға айналдырған Гасфордттың өзі үш әйелге үйленген. Олардың аты: Вера, Любовь және Надежда.

Гасфорд Алатау баурайындағы үлкен үш мекенге осындай атау беру арқылы, өз әйелдерінің есімдері тарихта мәңгіге қалсын деген секілді…»

П.П.Семенов-Тян-Шанскидің «1856-1857 жылдардағы Тянь-Шаньға сапар» еңбегінен үзінді:

«…Гасфорттың пікірінше, қырғыздар арасында христиандықты уағыздау үлкен жетістік әкелмейді, өйткені көшпелі халықтың салт-дәстүрінің бүтін дерлігі оған қайшы. Мысалы, көшпенділердің көп әйел алу дәстүрі христиан ілімінің догмасына мүлде сәйкес келмейді.

Тағы бір жағынан,

қырғыз халқының басым бөлігінің мұсылмандыққа бет бұрып кетуі орыс мемлекеті мүддесіне қайшы келеді. Сондықтан қырғыздарға олардың өміріне бейімделген, орыстың мемлекеттік мүддесіне сай келетін жаңа дін ұсыну керек.

Дінтанушылар жаңа дінді айқындауда ескі інжілдегі Құдай заңдарына, онда да еврейлік нұсқаны жаңғыртуы керек болды. Гасфордтың теологиялық танымын толықтай қамтыған бұл діннің бүтін жобасы кейін І-ші Николай патшаға ұсынылды. Ол оған қолын қойып, „Заңдар жинағы секілді дін ойдан жасалмайды„ деп қасқайтып тұрып қол қойған…».

Нұрлан Салтаев, Фейсбуктегі жеке парақшасындағы жазбасы

Загрузка...