Қаза тапқан полиция қызметкерлері арасында Мәжіліс депутатының да інісі бар

667 просмотров

Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері ішінде Мәжіліс депутатының да інісі бар.

Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

„Алматы қалалық шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасына қазір жараланған 5-6 адамды алып келді. Ауруханаға Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары, Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова да келді. Қасында бір топ адам бар. Аманжолова дауыс салып жылады.

Біздің тілшіміз Мәжіліс депутатының інісі қайтыс болғанын ол кісінің өзінен сұрап білді. Зәуреш Аманжолова Алматы қалалық шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасынадағы ота жасау бөлімінің бос еместігін, осы жаңа ғана екі полиция қызметкерінің жан тапсырғанын айтты„ деп жазады интернет ресурс.

Зәуреш Аманжолова „Нұр Отан„ партиясының мүшесі, қазіргі Мәжіліс құрамындағы депутат. Оған дейін ол „Нұр Отан„ партиясының Алматы қаласындағы филиалы төрағасының орынбасары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған. Мамандығы — акушер-гинеколог. Жамбыл қаласының тумасы.

Загрузка...