Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Әлдекімдерге ұнамайтын тарихи айғақ: Қазақстанның Тәуелсіздігі АҚШ-тың арқасында келді ме?

267

Шынын айту керек, кеңестік қайта құрулар басталар шақта қазақ тәуелсіздік үшін белсенді күрес жүргізуден алыстап кеткен болатын. Жеке ұлттық мемлекет үшін күрес туралы ой бізде болған жоқ, болуы да мүмкін емес еді. Егер әлдекім осындай ойға келсе, халық оны ақылынан алжасқан деп қабылдайтындай деңгейге түскен болатын.

Қазақ тәуелсіздік жолында 380 рет көтеріліс жасап, 380 рет жеңілген

56c3dd1900f4388139226379d9033179_LИә, армандадық. Бірақ арманның өзінен-өзі орындала салмайтыны белгілі. Иә, көтеріліс жасадық, 380 рет. Сонша рет жеңіліс те таптық. Иә, биліктің басында жүрген біреулер отаншылдарға пейіл танытқан болар, мүмкін, қолынан келгенше көмек те көрсеткен шығар.

Біреулер батыл идеялар да айтқан болар. Аумақ тұтастығы үшін күрескендер де болды. Солай болса да, осының барлығы ХХ ғасырдың 80-жылдарына таман Кеңес империясының Қазақстанды сіңіріп әкету үдерісін тоқтата алатындай емес еді.

Халық ұлттық мемлекеттігін қайтарып алу туралы үмітін толық үзген болатын.

Осыны білетін саясатшы Г.Төлемісова

«біз тәуелсіздігімізді кездейсоқ алдық, егер Ельцин болмаса, біз оған қол жеткізе алмас едік. Бұл КСРО-ға тәуелділік жылдарындағы шеккен жапамыз үшін тағдырдың қайтарған сыйы болды» («Тасжарған», 28.01.2009) деп жазды. Ал көрнекті қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев тәуелсіздікті «тер төкпей келген олжа» деп бағалады («Жас қазақ», 20.02. 2009).

Мінеки, біздің тәуелсіздік туралы түсінігіміз осындай.

Өзгені қойып, мемлекеттік жоғары лауазымдарда жүргендердің, философтар мен тарихшылардың өздері тәуелсіздікті кенеттен аспаннан түскен, «Кездейсоқтық» деп аталатын мырзаның сыйы деп ойлайды.

Зиялы санатына енетіндердің көпшілігі Беловежье орманындағы екі қабатты ақ үйде «көңілі көтеріңкі жағдайда» Кеңес Одағының ыдырауы туралы құжатқа «байқамай қол қоя салған» Ресей президентіне риза. Тарихта мұндай, капитализм мен социализм деп аталатын екі полюстың дүниежүзілік ауқымдағы қақтығысын келмеске кетіретін, жүздеген жылдар ішінде жүзеге асырылатын ғаламдық деңгейдегі оқиғалар арасында кездейсоқтықтар болмайтыны ешкімнің қаперіне кірмейді.

Әрине, тарихтың сол мезетінде тағдыр шешерлік құжатты дайындаған және оған қол қоюды ұйымдастырған Борис Николаевичтің жеке рөлін кішірейтуге болмайды. Дегенмен, өркениеттің даму үдерісінде болып жатқан құбылыстардың тереңде жатқан себептеріне үңіле білуге рухани әлеуетіміздің жетпей жатқанынан қысылуға тура келеді. Бұл да заманауи геосаясат кеңістігінде болып жатқан құбылыстардың ақиқатты сипатын ажырата алмай, сарсаңға түсудің бір белгісі болса керек.

Шынында да, тәуелсіздік еңіреп жүрген қазаққа жаны ашыған Құдайдың лақтыра салған нәпақасы ма еді? «Судың да сұрауы бар» демеуші ме еді халық. Ғаламдық тарихи оқиға ретіндегі отарсыздану үдерісін дүние жүзіндегі отарлық езгі көрген жүздеген халықтарға сұраусыз игілік ретінде төбесінен түсіре салған кім және оның себебі неде?

Қазақстанға Тәуелсіздікті АҚШ әперген!

Ал Кеңес Одағын күйреткен қандай күш? Бұл сұрақтың жауабын іздеу бізге ғана емес, бұрынғы кеңестік республикалардың бәрі үшін өзекті болып табылады. Өйткені олардың бәрі мемлекеттік тәуелсіздігін Кеңес Одағының күйреуінің нәтижесінде алғанын біледі, ал ғаламшардың 1/6 бөлігін алып жатқан алып империяның өзін күйреткен күш туралы тәптіштеп айта бермейді. Отанының тарихын білу үшін, қазіргі қалыптасқан геосаяси ахуалда ұстанатын бағдарын айқындау үшін бұрынғы Кеңес Одағының етегінен шыққан республикалар мәселенің осы жағына жіті назар аударса керек еді. Бірақ саясат пен тарихтан қорытынды шығаруды үйренбеген жетесіздіктен олардың тағдыр шешерлік мәселені айналып өтіп, «тәуелсіздік жасасын» деп құрғақ айқайға баса беруден басқаны естен шығарған сыңайы бар.

Көзі қарақты зиялыға бұрынғы кеңестік республикалардың тәуелсіздік жолындағы «қырғи қабақ соғысында» коммунистік Шығысты демократиялық Батыстың жеңуі нәтижесінде қол жеткізгенін аңғару қиынға соқпаса керек еді. Бұл да – бұлтартпас тарихи айғақ. Оны саралай білу – сұңғылалықтың, айғақ ретінде қабылдау – адамгершіліктің ісі. Одан жалтару мүмкін емес, ал оны бұрмалау Шығыстың өзіне де тиімді емес.

Біз – отарсыздану поезының кездейсоқ жолаушысы емеспіз.

Тәуелсіздік бізге, АҚШ мен Англия бастаған шынайы демократия елдерінің, Батыс либерал демократтарының, алдыңғы қатарлы зиялылардың дүниежүзілік коммунизмге қарсы ұзаққа созылған табанды күресінің және жеңісінің нәтижесі ретінде келді.

Бұл – әлдекімдердің құлағына жағатынына немесе жақпайтынына қарамайтын тарихи айғақ.

Біз мемлекеттігімізді қалпына келтірудің идеялық негізі мен заңды базасын жасап берген, отарсыздану үдерісінің тарихи іс жүзіне асырылуына өмірлік қызметін арнаған англосаксон өркениетінің екі еліне, сол елдерді басқарған екі ұлы перзенті – Франклин Рузвельт пен Уильям Черчилльге бас июге, олардың есімін құрметтеуге міндеттіміз”.

“Общественная позиция” басылымының 2011 жылғы 28 қыркүйектегі санынан ықшамдалып алынды  

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз