«Қазақстан темір жолы» басшысы тағайындалды

76 просмотров

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы, президенті болып Қанат Қалиұлы Алпысбаев тағайындалды.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Қанат Қалиұлы Алпысбаев 1972 жылы 31 наурызда Ақмола облысы, Атабасар қаласында дүниеге келген. Алматы темір жол көлігі институтын, Кентукки университетін (АҚШ), Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебін бітірген.

Магистр ғылыми атағының иегері.

1994-2002 жылдары Тың темір жолы кәсіпорындарында, «Қазақстан темір жолы» РМК, түрлі акционерлік қоғамдарда қызмет етті.

2002-2003 жылдары «Эйр Астана» ЖАҚ қаржы жөніндегі және басқарма директоры, ақпараттық технологиялар мен қаржы жөніндегі вице-президенті.

2005 жылдың қарашасынан 2008 жылдың маусымына дейін «Дженерал Электрик» корпорациясы филиалының бизнесті дамыту жөніндегі директоры болып қызмет етті.

2008 жылдан 2013 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті.

2013-қаңтардан 2014 жылдың қарашасына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті.

2014 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы сәуірге дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті. 2016 жылғы сәуірдің 29-ынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ операциялық жұмыстарын үйлестіру жөніндегі вице-президенті.

370805

Загрузка...