«Қазақстан» телерадио корпорациясына жаңа басшы тағайындалды

66 просмотров

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы — Кемелбек Ойшыбаевты таныстырды.

Министрдің хабарлауынша, корпорацияның бұрынғы басшысы Нұржан Мұхамеджанова төрағаның бірінші орынбасары лауазымын атқарады және компания мен  оның филиалдарының стратегиялық мәселелеріне қатысты жұмысын реттейтін болады.

Дәурен Абаев корпорацияның жемісті жұмысын ерекше атап өтті және ұжымға сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Кемелбек Ойшыбаев корпорация ұжымы қойылған жаңа міндеттер мен талаптарды ақтауға тырысатындығын атап өтті.

«Сіздің барлық тапсырмаларыңыз міндетті түрде орындалатын болады», — деді ол.

Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы 1977 жылы 13 шілдеде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Журналистика мамандығы бойынша, Қазақ Гуманитарлық-Заң университетін заңгер мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес академиясын корпоративті менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған, сонымен қатар Geneva Business School — MBA мектебін бітірген.

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметін атқарды. Сонымен бірге «Қазмедиа орталығы» бас директорының орынбасары, «Zaman Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік сатылымдар дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарған.

Загрузка...