«Қазақстан» қонақүйі 27 млрд теңгеге сақтандырылған

54 просмотров

Алматыда балконы опырылып түскен, VIP қонақтарды қабылдайтын атақты «Қазақстан» қонақүйі 27 млрд теңгеге сақтандырылыпты. Сақтандырушылар, әзірге өздеріне сақтандыру өтемін төлеу туралы өтініш келіп түспегенін айтады.

Forbes келтірген мәліметке сүйенсек, “Евразия” сақтандыру компаниясы қажетті көлемдегі ақша қорын дайындап қойғанын, бірақ сақтандыру жағдайының қажет болғандығы туралы ресми өтініш әлі келіп түспегенін айтқан.

“Евразия” сақтандыру компаниясы “Қазақстан” қонақ үйімен мүлікті сақтандыру туралы келісімнің бар екендігін растайды. Ғимарат материалды зиян шегу қауіптерінен сақтандырылған. Қазіргі уақытта ақпарат пен құжат жинау жүріп жатыр.

Егер ол жағдай келісімшартта қаралған қауіптердің бірінің нәтижесінде болса, “Еуразия” ең қысқа мерзімде сақтандыру төлемін жүргізуге дайын. Ғимараттың өзі 27 млрд теңгеден астам қаржыға сақтандырылған. Сақтандыру төлемінің көлемі шығынның ауырлығына байланысты”, -делінген сақтандыру компаниясы жолдаған хабарламада.

14-маусымда Алматыда атақты «Қазақстан» қонақүйінің балконы опырылып түсті. Апаттан зардап шегіп, жарақаттанғандар жоқ.

1975-1977 жылдар аралығында бой көтерген бұл қонақүй сәулет ескерткіші деп танылған. «Қазақстан» қонақүйі – Алматы қаласының тарихи ескерткіші. Дизайн және инженерлік өнер құрылысы 20-шы ғасырда салынған. 26 қабатты ғимарат қала символына әрі көркіне айналған.

Загрузка...