Қазақстан мен Сербия арасындағы мемлекетаралық шарттарға қол қойылды

31 просмотров

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Белградқа ресми сапары барысында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шарттар жасалды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық тараптан құжаттарға Бас Прокурор Жақып Асанов, серб тарапынан – Әділет министрі Нела Кубурович қол қойды.
Ж. Асанов атап өткендей, аталмыш халықаралық құжаттарға қол қою қылмыстылықпен қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ екі ел азаматтарының негізгі құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы қазақстандық-сербтік әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Үш құжатқа қол қою екі елдің құқық қорғау органдарының тиімді ынтымақтастығы үшін барлық қажетті халықаралық нормативтік-құқықтық базаның құрылуы деп білеміз.

Сапар барысында Ж. Асановтың Сербияның Әділет министрімен екіжақты кездесуі өтті, олар өзара қызығушылық білдіретін кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Ведомстволардың басшылары қазіргі әлем тұрғысының халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстан мен Сербияның бір пікірлестігін атап өте отырып, құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделігін білдірді.

 

Загрузка...