Қазақстан халқының 3 пайызы ғана кедейлік шегінде өмір сүреді

24 просмотров

Егер де 1990 жылдардың басында Қазақстан халқының 40 пайызы кедейлік шегінен аса өмір сүрсе, қазір елімізде халықтың 3 пайызы ғана кедейлік жағдайында өмір сүруде. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

20160526163342

«Біз халық кірісінің аражігін алыстатпай, кедейлік деңгейін әлдеқайда азайттық. Егер де, 1990 жылдардың басында әрбір үшінші қазақстандық (40 пайызы) кедейлік шегінде өмір сүрген болса, ал, қазір кедейлік шегінде өмір сүретін халықтың үлесі  — 3 пайыз.  Экономикамызды енді көтеріп жатқанда, біз тұтыну дүрбелеңіне шалдықпай, адами капиталға инвестиция салдық»,

— деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, адам капиталынан өзге Қазақстанның маңызды даму бағыты — инфрақұрылым мен индустрияландыру болып отыр.  «Қазақстанның индустриялық-инновациялық саясаты, инфрақұрылымға инвестиция құю саясаты орнықты жылдар ішінде қиын күндерге қор жинауға мүмкіндік берді», — деп атап өтті Президент.

Загрузка...