Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қазақ оянды. Павлодар тұрғыны өңірдің атауын Баянауыл деп өзгертуді ұсынды

199

Билік өзгертпейтінін біліп отырып, солай айтамыз. Дайындық жұмысы жоқ, ел санасын оятуға қадам жасау жоқ. Қазақ ұйықтап жатыр, дейміз. Қазақ оянуы үшін не істеуіміз керек? деген мәселеге бас ауыртпаймыз.

Күні кеше жер мәселесін көтергенде, “қазақ оянды” дедік. Ол кезде қазақты оятқандардың бірі, менің пікірімше, Мақсат Ілиясұлы болатын. Мәкең күнде, күніне бірнеше рет жер мәселесіне қатысты ақпарат беріп тұрды.

 Ал, бостан-босқа “өзгерту керек” деп, айқайлау – псевдопатритизм, деп білемін.

Неге? Себебі:

1) Қала халқының ұлттық демографиясына қатысты мәселе бар;

2) Қала халқының ұлты қазақ тұрғындары әлі оянбады. Өздері ана тілінде құжат толтырмайды, ұл-қыздарымен өзге тілде сөйлеседі, өзгетілді БАҚ-ты оқиды, шетелдік кәбілді ТВ-ларды қарайды;

3) Қала халқы өзі тұратын қала атауының өзгеруіне қарсы болса, ол атауды “өзге қалада тұратын” өзге азамат өзгерте алмайды;

4) Үкімет те аталған қалалардың атауының өзгеруіне пейіл танытып отырған жоқ. Әйтпесе, тәуелсіздік алған 1990-1991 ж.ж. жылдары өзгерте салар еді. Жамбыл – Тараз, Гурьев – Атырау, Шевченко – Ақтау болып жатқанда тізімге қоса салар еді ғой.

Енді біздің қолымыздан не келеді?

Айтайын. Павлодар облысының атауын өзгертуіміз керек. Бұл қолымыздан келеді! Себебі, Павлодар облысы тұрғындарының басым көпшілігі ұлты қазақ азаматтар, әрі олар аймақ атауының өзгеруін күтіп жүргендер. Демек, облыс атауын өзгертуді қолдайтын тұрғындар саны әлдеқайда көп.

Бұдан біз не ұтамыз?

1) Біз аймақ тұрғындарының құжаттарынан Павлодар есімін шығарып тастар едік;

2) Демек, Павлодар атауы тек қала тұрғындарына ғана қатысты мәселе болып қалар еді. Павлодар атауының қолдану аясы барынша тарылып қалар еді;

3) Аудан атауын атағанда облыс атауы қоса аталатынын ескерсек, Павлодар облысы деген атауды да атамай қояр едік;

4) Облыс бойынша мекеме, кәсіпорындар атаулары, мөрлері т.т.с.с. бәрі өзгерер еді;

5) Аймақтың Қазақстанның мемлекеттік тілінде аталғаны – оның Қазақстан жерінде екендігін білдірер еді;

6) Аймақ тұрғындары елдіктің, тәуелсіздіктің рухын сезінер еді, өзін таныстырғанда, келген жерін айтып: “мен – павлодарлықпын” демес еді, “мен — баянауылданмын!” деп, мақтанар еді;

7) Облыс бойынша, яғни, аудандарда тұратын балалар – мектеп оқушылары, студенттер дәптер сыртын толтырғанда, бастары салбырап, өзге елдің “әлдекімін” атап жүрмес еді, Қаныш Сәтбаевтың жерлесі екенін айтып, “баянауылдық” болғанын мақтан тұтып, патриоттық рухта тәрбиеленер еді.

P.S. Кезінде, Ерлан Арын ағамыз Павлодар облысының әкімі болған кезде әкімнің атына:

Аймағымызда Павлодар атауы көп екен — “Павлодар (город)”, “Павлодарская (область)”, “Павлодарский (район)”, “Павлодарское (село)”.  Бір аймаққа “павлодар ” атауы көптік етпей ме, тым болмаса, облыс атауын өзгерту керек” деп жазғанмын. Тілдер басқармасынан келген жауапта:

“қарастарымыз” делінген еді.

Қарастырды ма екен?..

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз