Шетелдік комментаторлар қазақ боксшысының қорғану стилін Мұхаммед Әлиге ұқсатты (видео)

214 просмотров

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада кезінде көрермендерді өз өнерімен тәнті етті.

Ол Олимпиада ойындарының 1/16 финалында 56 келіге дейін салмақта 2013 жылғы әлем чемпионы Джавид Челебиевке қарсы шықты. Жекпе-жек есебі: 2:1. Бұл жеңіске қазақ боксшысы қорғану кезінде шебер тактика қолданудың арқасында қол жеткізді. Қарсыласы қанша соққы жасаса да, оған дарыта алмады.

Кейбір елдің спорт комментаторлары қазақстандық боксшының қорғаныс стилін атақты боксшы Мұхаммед Әлиге ұқсатып жатты.

 

Загрузка...