Атырауда полицейлер «Борышкер» деген шараны қолға алып, айыппұлдарын төлей алмай жүрген жүргізушілерді жағадан алуда.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарованың хабарлауынша, «Борышкер» шарасының аясында полицейлер қала көшелерінде айыппұлдарын төлемеген жүргізушілерді тоқтатып, айыппұл төленгенше көліктерін айып тұрағына тоғытуда.