Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Атом электр стансасын салсақ, Ресейге тағы да тәуелді боламыз — ғалым

Қарапайым сұрақ: Қазақстан қуатты қайдан алады осы?

Марат Кошумбаев01

Марат Қошымбаев

Білесіз бе, біздегі қуаттың, халыққа түсінікті тілмен айтқанда “токтың” басым бөлігін жылу электр стансалары өндіреді. Электр энергиясының 70 пайызын көмір жағып табамыз…Осы көмірді жағу арқылы өзімізге қажетті қуат көзінің 82 пайызын аламыз.

Көмір дегеніміз – у. Таза у. Сіз сенбессіз, біздің жылу электр стансаларынан шыққан түтін сонау Жапонияға дейін жетеді.

“Жасыл экономикамыз” қайда қалды сонда?

Ол жағын жоғарыдан сұраңыз…

Естуімізше, Үкімет ғылыми жобаларға қыруар қаржы (грант) бөледі екен. Бұдан қандай да бір пайда бар ма, шыныңызды айтыңызшы?

Қыруар қаржы бөлінеді деп кім айтты екен? Асырып айтыпты… Қазақстандағы ғалымға берілетін гранттың ақшасы кейде ойға алған құрылғыңның шағын макетін жасауға жетпей қалады. Жететін болса, ғылым мен өндіріс әлдеқашан қоян-қолтық жұмыс жасап кетер еді.

Билік «Қазақстанда жел энергиясын өндіретін мүмкіндік мол» дейді. Ал іс жүзіндегі ахуал қандай?

Мүмкіндік мол емес, бірақ бар. Қазақстанның қай қиырына барсаң да ұйытқып жел соғып тұрады. Бірақ, мына парадоксты қараңыз.

Соңғы кездері Германия бастаған Еуропа елдері жел энергетикасынан бас тартып жатыр.

Оларды не түлен түртті?

Ірі қалалардың маңайындағы алып жел қалақшалары адам денсаулығына кері әсерін тигізіп, байланыс құралдарының жұмысына кедергі келтірген екен.

Еуропа бас тартса, Қазақстанға не жорық?

Біз олардың қателігін қайталамауыз керек. Қазақстанның жері үлкен. Бірақ айдалаға барып жел қалақшасын орнатуға болмайды. Ірі қалаларға жел қалақшалары өндірген қуат көзін жеткізу үшін жүздеген шақырым электр желілерін тартуға тура келеді. Бұл – қып-қызыл шығын. Білесіз бе, Қазақстанда бір шақырым жерге электр желісін тарту үшін 10 млн теңге (!) қажет. Есептей беріңіз, желі тартуға қанша қаржы қажет екенін… Бұған электр желілерін күтіп, баптаудың шығындарын қосып отырған жоқпын. Осы шығындарды айналып өту үшін біздер көпқабатты үйлердің үстіне орнатылатын жаңа жел қондырғыларын ойлап таптық. «Қазақстанда жасалған» жер қондырғысы.

Энергетика (1)

Қазақстанда іс білетін маман жоқ

Ресей Қазақстанға «атом электр стансасын салып берейік» деп құлшынып отыр дейді. Осы рас па?

Рас. Бірақ, құлшынғаны құрсын. Ресей Қазақстанда атом электр стансасында жұмыс істейтін мамандардың атымен жоқ екенін жақсы біледі. Демек, әрі қарайғы сценарийдің қалай болатынын қазірден болжауға болады.

– Иә…

Біздің ақшамызға электр стансасын салғаннан кейін орыстар: «ал, стансаларың дайын, қызығын көріңдер» дейді. Алып стансаны күтіп, баптап жұмысын реттейтін маман болмағасын, біз оларға: «Стансаның жұмысын сіздер жүргізіңіздер, бізде бұл салада жұмыс істейтін маман жоқ. Кәсіпорынды өздеріңіз басқарыңыздар, пәленше пайыз акциясы сіздердікі» деп өз қолымызбен Ресейге береміз. Бұдан кейін

олар стансаны бауырына басып, қазақтарды стансаның есігінен де сығалатпайды. Бұл рас.

Өндірген электр энергиясын қалауынша өсіріп, бізді сүлікше сорады. Мұндай жағдайда энергетикалық қауіпсіздік жайында әңгіме қозғаудың өзі артық қой. Өзіңіз ойлаңызшы, бізге мұндай атом электр стансасы керек пе?

– Біздіңше, керегі жоқ.

Қазақстан атом энергетикасын дамытқысы келсе, бірінші кезекте бұл салада жұмыс істейтін мамандарын дайындап алуы керек. Солай.

Марат Кошумбаев01

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз