Астаналықтарға қалада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтетіндігі ескертілді

15 просмотров

Бүгін Астанада антитеррористік оқулар өтеді. Осыны ескерткен қалалық ішкі істер департаменті елордалықтарды алаңдамауға шақырды.

«Бүгін, 5 тамыз күні Астана қаласының бұрынғы жұқпалы аурухана аумағында, Күмісбеков көшесі,№5А мекенжайында терроризм актісінің алдын алу және оның салдарын жою бойынша антитеррористік оқулар өтеді», — делінген Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Шараның негізгі мақсаты — терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штабтың дайындығы мен берілген тапсырманы орындаудағы күш-қауқарын тексеру.

Оқулар түрлі күрделі элементтері бар шайқас жағдайына барынша жақындатылады.

Терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штаб елорда тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға және дүрбелеңге салынбауға шақырады.

Терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штаб — антитеррористік операцияларды жүргізуге тартылған мемлекеттік орган күштері мен құралдарын жедел басқарудың тұрақты жұмыс істейтін органы.

Загрузка...