Астанадағы ӘЧ: Назым Қызайбай польшалық қарсыласын шаң қаптырды

19 просмотров

Астанада өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігінде жерлесіміз Назым Қызайбай польшалық қарсыласын жеңді деп хабарлайды sport.kz.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық әлем чемпионы Назым Қызайбай польшалық қарсыласы Анджелика Гронсктан басым түсті.

Отандасымыздың дөп тигізген соққыларынан польшалық боксшының мұрнынан қан кеткен.

Аренаға жиналған халық жерлесімізге төрт раунд бойы қолдау көрсетті. Төрешілер Назымның жеңіске жеткенін жариялағанда, залдағы жанкүйерлер «Қазақ елі осындай» әнін шырқады.

Загрузка...