Астанада түнгі клубтан шыққан соң жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

145 просмотров

Елордада түнгі клубтан шыққаннан кейін, ізім-қайым жоғалып кеткен 33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваның денесі табылды.

Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаменті хабарлайды.

«26 маусым күні шамамен сағат 12.00 кезінде Пригородның ауылының маңындағы орман алқабында із-түзсіз жоғалған азаматша Сыбанбаеваның денесі табылды. Оның денесінен зорлық белгілері байқалады», — делінген ІІД таратқан баспасөз хабарламасында.

Бүгінде қыздың өліміне байланысты соталды тергеу жұмыстары басталды

Загрузка...