Астанада EXPO-2017 көрмесіне кіру үшін де ақша сұрамақ

32 просмотров

EXPO-2017 көрмесінің билеттері 10 маусымда онлайн түрде сатыла бастайды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қоғамдық кеңестің отырысы барысында мәлімдеді.

index

«Бір айдан соң билеттер халықаралық сатылымға шығарылады. Оның касса емес, онлайн арқылы сатылатынын баса айта кетейін. Ал касса арқылы тамыз айларында ғана сатыла бастайды. Онлайн сатылым 10 маусымда іске қосылады», — деді Есімов.

Ол Қазақстанның Халықаралық көрме бюросымен ең төменгі бағаға келісе алғанын да баса айтты.

Дегенмен компанияның басқарма төрағасы көрме билетінің нақты қанша тұратынын айтпады.

«Бағасы нақты қанша болатынын жақында ғана таңдап алынған оператор шешеді. Көрме билеттері кинотеатр билеттерінен аса қымбат емес», — деді Есімов.

Сонымен қатар, ол қазірге дейін 84 елдің және халықаралық 14 ұйымның көрмеге қатысатынын растағанын айтты.

Загрузка...