Астана көшелерінде қоғамдық көліктерге арнайы жолақтар енгізіледі

24 просмотров

Елорда көшелерінде қоғамдық көліктерге арнайы жолақтар енгізіледі. Бұл туралы бүгін Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Еділ Сүлейменов мəлім етті.

15062015_16-32-24

«Қоғамдық көліктерге арнайы жолақ белгілеу жобасы өткен жылы қолға алынған болатын. Бұл жоба өз тиімділігін көрсетіп отыр. Жүргізілген сараптама жылжымалы қоғамдық көлік құрамының жылдамдығы 12-15 пайызға артқанын көрсетті», — деді Еділ Сүлейменов.

Оның айтуынша, осыған орай бұл жобаны одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданған. Ол үш кезеңмен жүзеге асырылады.

«Бірінші кезең 5-маусымда қолға алынып, Алаш тас жолы бойында «Магнум» сауда орталығынан Уəлиханов көшесіне дейін, Қорғалжың тас жолы бойында Бейсековадан Тұран даңғылына дейін арнайы жолақтар енгізіледі. Екінші кезең 15-маусымынан бастап қолға алынып, бұл жобалар Абай мен Кенесары көшелерінде бір бағыттағы көлік қозғалысы жобасымен бірге жүргізіледі», — деді ол.

Ал үшінші кезеңде Жеңіс даңғылы бойында Есенберлиннен Кенесары көшесіне дейін, Бараев бойында  Қорғалжың тас жолынан Уəлиханов көшесіне дейін қоғамдық көліктерге арнайы жолақтар болады.

Загрузка...