Қазақстандық блогер, журналист Петр Воликов Аршавиннің видеомәлімдемесіне жауап беріп, кездесетін орынды белгіледі.
Еске сала кетелік, Қазақстан біріншілігі аясында „Ақтөбе„ футбол командасының қақпасына Аршавин соққан гол сегізінші болып табылады. Осылайша ол, біріншіден, „Қайрат„ командасына үш ұпай әперді, екіншіден, бұл голды соғу арқылы жергілікті тілшіні бәсте ұтып кетті. Бұдан соң Аршавин өзінің интернеттегі блогы арқылы Қазақстан БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасаған еді.
— Пётр, сәлеметсіз бе? Сіз маусым басталар кезде, мен 8 гол соқсам шашымды алып, басымды тақырлаймын дегенсің. Бүгін 8-ші гол соғылды. Бақытыңызға орай ма, әлде өкіншіңіз бе? Оны білмедім. Сондықтан белгілі бір уақыт пен орынды белгілеңіз, мен мұны өзім келіп жасауға дайынмын, — деп мәлімдеді футболшы YouTube-тегі блогында.
«Мен өз сөзіме жауап беремін, әрі басымды (шашымды) да саған сеніп тапсырамын. Кездесуді 6 қазан бейсенбі күні Астана алаңында Әлия мен Мәншүк ескерткіштері алдында сағат 14:00-ге белгілеймін. Асыға күтемін», – деді Воликов.