Қарағанды облысында Халық банкін тонамақ болғандар ұсталды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Оқиға 29 шілдеде болған. Жергілікті үш тұрғын банктің филиалдарының біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Бетперде киген олар кіріп келіп, ақша талап еткен. Қолдарында қару болған, алайда банк кассирі дабылды басқан. Мұны білген тонаушылар ғимараттан атып шығып, көлігімен жасырынған. Оқиға орнына полицейлер келіп, банк қызметкері мен куәгерлерден түсінік алғаннан кейін олар қылмыскерлер қашқан көліктің маркасын анықтайды.