Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Amnesty International: Сирия түрмелерінде күн сайын 10 адам өледі

Жаңа баяндама тұтқында болған 65 адамның куәлік етуімен дайындалған. Олар мыңдаған тұтқынның басынан өткерген адам түршігерлік жағдайларды баяндап берді. Тұтқындар түрмеге түскен күні мекеме қызметкерлерінің аяусыз соққысына ұшырайды, ал әйелдерге зорлық көрсетіледі, делінген баяндамада.

Сирия билігі өзінің қарсыластарының сағын сындыру үшін ондаған жылдар бойы азаптауға жүгініп келеді. Бүгінгі таңда үкіметпен келіспейтін кез келген бейбіт тұрғынды азаптау күнделікті қалыпты жағдайға айналып отыр, деп атап өтті баяндама авторлары.

Адам құқығын қорғаушылар азаптауларды, зорлық-зомбылықтарды доғару үшін халықаралық қауымдастықты (әсіресе АҚШ пен Ресейді) Дамаскке қысым көрсетуге шақырды. Amnesty International ар-ожданы тұтқындарының барлығын босатуын, сириялық мемлекеттік түрмелерге тәуелсіз бақылаушыларды ешқандай кедергісіз жіберуін талап етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз