Алматының «квартиранттары» айына 163 мың төлейді екен

36 просмотров

Алматыда пәтерді жалға берушілер бағаларын көтеруде, деп хабарлайды kn.kz.

Жалға берілетін пәтерлер нарығына бір апта бойы, қыркүйектің 12-сінен 18-іне дейін мониторинг жүргізген мамандардың дерегінше, қала аумағында пәтердің әр шаршы метрін жалдау 2177 теңгені құраған. Алматыда пәтер жалдау орта есеппен 163 000 теңгені құрапты.

Ең қымбат пәтерлерді жалға алу бағасы айына 264 000 теңге, ең арзаны — айына 86 000 теңге.

1-бөлмелі пәтерлер орта есеппен 75 мыңға беріледі, 2-бөлмелі пәтерлер 152 мыңға, 3-бөлмелілер — 240 000 теңге, 4-бөлмелі пәтерлер 356 000 теңге, ал 5-бөлмелі пәтерлер айына 737 000 теңгеге жалға беріледі екен.

2105

Загрузка...