Алматыда жоғалып кеткен оқушы бала Шымкенттен табылды

1 113 просмотров

Алматыда 23-қыркүйекте жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен табылды.

Бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында Алматы қауіпсіздігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Ислам Угушев мәлім етті.

14 жастағы жасөспірім Шымкент вокзалынан табылды. Ол араға оқушы қалай тап болғаны, әзірге белгісіз. Шымкенттің автовокзалында ата-анасы, полиция және жанашыр адамдар екінші тәулік іздеп жатқан баланың жүргені туралы бүгін бір ер адам қоңырау шалып, хабардар еткен.

«Жасөспірімді іздеуге ерік танытқан 50 адам жұмылдырылды. Баланың мектепке барар жолындағы суды, қамыс арасына дейін қарадық. Бақытымызға орай, ол табылды, оның Шымкентке қалай жеткені белгісіз» деп жазды Ислам Угушев.

Әлібек 23-қыркүйекте жоғалып кеткен. Ол таңертең таңғы 08:00 уақытында үйінен шығып, мектепке жол тартқан. Үстінде спорт киімі, арқасында рюкзагы болған. Сөмкесінде мектеп формасы бар. Бірақ ол мектепке бармапты. Анасының айтуынша, Әлібек ұялшақ, үлгілі оқушы. Ол ешқашан ескертусіз еш жаққа кеткен емес.

Загрузка...