22 жастағы Қанапия Қосылбеков Алматыдағы ойын клубтарының бірінен шыққаннан кейін жоғалып кетуі мүмкін. Оның анасы Гүлбану Қосылбекова осылай деп есептейді, деп хабарлайды Today.kz.
Әйелдің айтуынша, оның баласы жауапты, тәрбиелі, ешқашан былай жоғалып көрмеген, үнемі баратын жерін, қайда екенін ескертіп отырған.
Гүлбану Қосылбекова баласы туралы ақпарат білетін адамдардың мына телефон номерлеріне хабарласуын сұрайды: 8 (701) 263 04 09 немесе 8 (707) 809 59 28.