Алматыдағы «Адем» сауда үйінің сатушылары орын жалдау ақысының қымбаттауына қарсы.
Мұндағы бутиктердің әр шаршы метрінің ақысы 20 мың теңгеге дейін жоғарылайды екен. Өртенген ғимараттың орнына салынатын жаңа «Адемнің» құрылысына қаржыны соның есебінен алынбақ, деп хабарлайды КТК арнасы.
Шахадат Бакиева, «Адем-1» сауда үйіндегі өрттен зардап шеккендер одағының төрайымы:
– «Адем-1» неге біз сияқты жалға алушылардың ақшасына салынуы керек? Онсыз да қиын жағдайда жүргенде бутиктерді жалдау ақысы неге қымбаттайды? Біз бұған түбегейлі қарсымыз.
Ирина Пяк, «Алматы ХХІ ғасыр» ЖШС бас директоры:
– Бұл жала. Ешқандай дәлелдері жоқ. Арызданды деген сатушылары да мұнда келген жоқ. Ал бутиктерді жалға беру ақысына келсек, бұрынғысынша қала береді. Тек келісім-шартқа қол қоймай тұрып алдын ала мың доллар төлеуі керек. Оны да заңдастырып қойғанбыз.