Алматыда қоқыс жәшігінен шыққан адам денесі бөлшектелген пәтер анықталды

2 287 просмотров

Алматыда қоқыс жәшігінен табылған адам денесінің қай пәтерде бөлшектелгені белгілі болды. Қазір онда тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Нақтырақ айтқанда, қылмыс жасалған пәтер анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыс жасалған пәтерге қарама-қарсы тұратын тұрғынның айтуынша, ол баспана 8 жыл бойына жалға беріліп келеді екен.

„Ол жақтан үнемі айғайлаған, ышқынған, ыңырсыған дыбыстар мен дауыстар естіледі. Бір тәулікке күнде жалға беріледі. Мен бірнеше рет полицияға шағымдандым да, бірақ одан ешқандай нәтиже жоқ„ — дейді ол.

Еске сала кетелік, бүгін таң атпай Абылайхан мен Райымбек көшелері қилысындағы көпқабатты үйлердің маңындағы қоқыс жәшіктерін ақтарып жүрген үйсіз-күйсіз ер адам тауып алған спорттық сөмкені ашып қалғанда, алдынан адамның кесілген басы шыға келеді. Бас шамамен 20-30 жастағы жігіттің басына ұқсайды, сөмкеден тағы оның кесілген қол-аяғы шығады.

Шошып кеткен қаңғыбас көшеге шыға сала, кезіккен бірінші полиция экипажына болған жайтты хабарлапты.

Загрузка...