Алматыда банк бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалды

176 просмотров

Алматы полициясы Kaspi Bank бөлімшесіне жасалған шабуылды тергеп жатыр.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Оқыс оқиға 2 қыркүйекте болған. Белгісіз ер адам қаладағы Kaspi Bank бөлімшелерінің біріне тонау мақсатында басып кірген.

«Қылмыскер бөлімше ішінде оқ ататын қару қолданды, бірақ ешкім зардап шекпеді. Банк қызметкерлері дабыл түймешесін дереу іске қосып, құқық қорғау органдарына хабар беріп үлгерді», — деді банк өкілдері.

Сонымен қатар, банктегілер полицияның банкке шабуыл жасаушыны іздестіріп жатқанын хабарлады.

 

Загрузка...