Алматыда 25 жастағы қыз жоғалып кетті

144 просмотров

Алматыда 25 жастағы Алена Захарова есімді келіншек жоғалып кетті. Оның жоғалғаны туралы туысқандары мен достары «Фейсбук» әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Достар, 13 қыркүйектен бері 1991 жылы туған Алена Захарова Юрьевнаны таба алмай жатырмыз. Шашының түсі қара, бойы 163 см, 13 қыркүйек күні сағат 13: 00 шамасында Сәтбаев және Розыбақиев көшелері маңындағы банкте болған. Көк джинсы шалбар, қара кофта, қызыл жилет, қара кроссовка киген. Өтініш, оны көрген, байқаған адам болса, 8(727)243-05-77, 8(705)913-22-25 немесе 102 » нөмірлеріне телефон соғуды сұраймыз», -деп жазды жоғалған қыздың сыныптасы Айка Алексеева-Елібаева.

Оның айтуынша, Аленаны үйінде кішкентай қызы күтіп отыр.

«Ол банкке кеткен. Сол жерден соңғы рет 13-30-да телефон соқты. Осыдан кейін, із-түзсіз жоғалды. Біз сол күні АІІБ арыз жаздық. Іздеу шаралары қолға алынды», — деп жазылған әлеуметтік желідегі хабарламада.

20160915152420

Дереккөз: Қазақпарат

Загрузка...