Алматыда 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған көрме ашылды

22 просмотров

Алматы қаласының Қастеев атындағы Орталық мемлекеттік мұражайында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған «Қазақ көтерілістері. Еркіндікке ұмтылыс» атты көрме жұмыс істей бастады.

Көрме бір ғасыр бұрын наразылықтың ірі ошақтары — Семей және Торғай өңірлеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер туралы мағлұмат береді. Мұнда көтерілістердің қалай өрбігені ғана емес, оған кімдер қатысқаны туралы білуге болады.

Ресей империясына қарсы бас көтерулер бүкіл Орта Азияны қамтыды. Оған 19-дан 43 жасқа дейінгі ер азаматтарды тыл жұмысына мәжбүрлеп тарту туралы бұйрық түрткі болды. Көтерілістің тағы бір себебі — Ресейден көшіп келушілер мен жергілікті тұрғындар арасындағы жер мәселесі.

Көтеріліс 1916 жылы Худжантта басталып, ресейлік жазалаушы әскерімен жаншылды. Халық наразылығы кей жерлерде 1917 жылдың басына дейін созылды.

68445b45-6982-49a0-baee-ab76df98cc5f_w987_r1_s

Загрузка...