Алматы облысында заңсыз алым-салым жинаған полиция командирлерінің ісі сотқа келіп түсті

49 просмотров

Заңсыз алым-салым жинады деп жол-патруль қызметі взводының екі командирі айыпталып отыр.

Алматы облысы Талғар аудандық соты жергілікті аудандық ішкі істер департаментінің заңсыз алым-салымы туралы істі қолға алды деп хабарлады Tengrinews.kz.

Бұл іс сотқа 13-қыркүйекте келіп түскен.

Алдында айтылғандай, 2016 жылдың 12-мамырында күдіктілер құрықталған. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Алматы облысындағы департаментінің мәліметінше, олар қол астындағылардан үнемі пара алып отырған. Белгілі болғандай, пара тура осы мақсатқа арнайы жалданып алынған Талғар ауданындағы „Гараж„ қонақүйінің бір бөлмесінде табыс етілетін болған. Апта сайынғы алым-салымның көлемі 1 мың мен 10 мың теңге аралығын қамтиды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, командирлерге қатысты „Бопсалау жолымен бірнеше мәрте пара алу„ бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалған. Бұл бапқа сәйкес, олар алған пара көлемінің 70 есе түрінде айыппұл төлеуі тиіс немесе барлық мүлкі тәркіленіп, 7-ден 12 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар өмір бойына белгілі бір лауазым мен қызметтерден шеттетілмек.

Загрузка...