Соңғы 5 жылда Алматы облысындағы туристік нысандар үш есеге көбейді деп хабарлайды, – 24.kz.
Алматы облысында былтыр 26 туристік нысан қолданысқа берілді. Алакөл өңіріндегі бірқатар жер телімі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.
Облыс орталығын Алматы және Астана қалаларымен байланыстыратын әуе қатынасы ашылды. Ал Үшарал қаласында әуежай салынып жатыр.
„Бұл туризмнің дамуына тың серпін береді„, – дейді мамандар.
EXPO-2017 көрмесіне келетін шетелдік қонақтар үшін қазірден бастап 18 туристік бағыт әзірленіп жатыр. Олар 5 ұлттық-табиғи парктің аумағын қамтиды.
– Осыдан 5 жыл бұрын біздің облыс аумағында шамамен 200-250 туристік нысан болды. Ал, қазір 600-ге жуық туристік нысан ашылды. Жыл сайын олардың саны көбейіп жатыр. Яғни қазіргі таңда кәсіпкерлер, жалпы бизнес саласы осы туристік саланың тиімділігін көріп, инвестицияларды көптеп тартып жатыр, – деді облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева.