Alash Pride клубы Гран-Придің алғашқы иегерін анықтады (фото, видео)

550 просмотров

Кеше Алматыдағы Бақшасарай қабылдау үйінде  ММА-дан кәсіби Alash Pride жекпе-жек клубы нұсқасы бойынша 57 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстанның ең үздік спортшысы анықталды.

if-PenoOR8g

Осы бәсеке аясында бұлардан бөлек он жұп ортаға шығып, күш сынасты. Жекпе-жекке шыққандардың алғашқы жұбы қырғызстандық Бекболат Айтибайуулу мен Руслан Зкирен болды. Бұл кездесуде 33 секундта Руслан Зкирен жеңіске жетті.

Келесі болып болып ортаға шыққан өзбекстандық Ислам Абдурахмонов қазақстандық қарсыласы Илья Бутинді бастан теуіп нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Үшінші болып төбелескен алматылық Төлеген Атақұлов қырғыз Нұржігіт Бахтияруулудан басым түсті.

Төртінші жұптың жекпе-жегі де ең қысқа шайқастардың бірі болды. Шымкенттік Қаршыға Дәуітбек – өзбекстандық қарсыласы Валишер Рахмоновты 31 секундта сол  қапталдан жаққа қолмен жасаған соққысымен нокаутқа жіберді.

Бұлардан соң ортаға  ММА-дан кәсіби Alash Pride жекпе-жек клубы нұсқасы бойынша 70 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстан чемпионын анықтау бойынша жартылай финалдық бәсекелер басталды. Жартылай финалдың бірінші жұбын – алматылық Алтынбек Бақтыгелдинов пен қызылордалық Олжас Есқараев құрады. Бұл кездесуде Олжас Есқараев басымдылық танытты.

Аталған салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдың келесі жұбын алматылық Еркін Дәрменов пен шығысқазақстандық Игорь Жирков құрады. Фавориттердің қатарында аталып келген Еркін Дәрменовтің  «Алтын жолбарыс» атанған қарсыласына қауқар көрсетуге дәрмені жетпеді.

Жекпе-жек кешінің көптен күткен кездесулерінің қатарында кәсіби ММА-дан Alash Pride жекпе-жек клубы нұсқасы бойынша 77 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстан чемпионын анықтаудағы жартылай финалдық бәсекелер болды. Бұлардан бірінші болып ортаға оңтүстікқазақстандық Жасур Расамбетов пен астаналық Сұлтан Қиялов шыққан болатын. Нәтижесінде, астаналық Сұлтан Қиялов өзінің тәжірибелі қарсыласынан басым түсіп, кездесуді мерзімінен бұрын 45 секундта аяқтады.

Султан Киялов

Жартылай финалдың екінші жұбында өзгерістер болды. Талдықорғандық Дмитрий Кудиновпен шығуға тиісті Серік Тілекеев жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартып, оның орнына тараздық Айдар Жантай таңдалған болатын. Жекпе-жек кезінде Дмитрий Кудинов өз қарсыласынан ұпай санымен басым түсті.

Кешегі кештің ең халық көп күткен кездесуі – эстониялық Марк Дрон мен алматылық Евгений Егембердиев арасындағы төбелес болатын. Абырой болғанда, жерлесіміз эстониялықты 23 секунда мерзімінен бұрын  «үйіне қайтарып жіберді».

Евгений

Бұлардан кейін ортаға супер кездесудің спортшылары шақырылды. Олар – белорусьтық салмағы 100 келі Павел Левко мен өзбекстандық салмағы 104 келі болатын Мурат Хантуреев болды. «Азия аюы» атанған өзбекстандық атлет кездесудің алғашқы минутында-ақ белорусьтық қарсыласын қылқындыру әдісімен есінен тандырып, жеңіске жетті.

Ал, кештің басты жекпе-жегі саналған финалдық бәсекеде маңғыстаулық Шыңғыс  Қайранов («Шах қазақ») Алматы облысының өкілі Ардақ  Әшімовтен («Мұстафа Өзтүрік») ұпай санымен басым түсті. Алғашқы раундта Арман Әшімов басымдық қылғанымен, кейінгі екі раундта Шыңғыс белсенді қимылдап, жеңіске жетті. Сөйтіп, маңғыстаулық атлет кәсіби ММА-дан Alash Pride КЖК нұсқасы бойынша 57 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстан чемпионы белбеуі мен ақшалай сыйақыға ие болды.

Загрузка...