„Қалқаманда„ бір жігітті атып өлтірген күдікті ұсталды

34 просмотров

Алматы қаласы „Қалқаман„ ықшам ауданындағы Алты Алаш көшесінде 29-маусымға қараған түні сөзге келген екі жігіттің бірі оқ атып, одан ауыр жараланған екіншісі аурухнаға бара жатқан жолда көз жұмған.  Осы оқиғаға байланысты кісі өліміне күдікті ретінде Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды.

„Алдында бұл фактінің Наурызбай ауданының ішкі істер басқармасында кісі өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізіміне алынғанын хабарлағанбыз. Арнайы шұғыл құрылған тергеу тобы бұл оқиғаға қатысқан барлық адамды анықтады, оның ішінде оқ атқаны да бар.

Өткен демалыс күндері өте ауыр қылмысқа күдікті деп назарға ілінген Қызылорда облысының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабына сәйкес, А. Деген азамат уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталғанша оның емін-еркін жүруіне шектеу қойылды. Қылмыс жасаған зат тәркіленіп, қылмыстық іске тіркелді„ деп хабарлайды Алматы қаласы ішкі істер басқармасының криминальдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Загрузка...