Айнұр Тұрсынбаева өзінің парақшасын бұзған адамды тауып алды

470 просмотров

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның Инстграмдағы парақшасына Анталияда демалып жатқанда шабуыл жасалыпты. 

Бір қызығы Айнұрдың өзі мұны кім жасағанын білетін сияқты.

“Бүгін менің инстагарам парақшамды бұзды. Кім екенін өте жақсы біліп отырмын. Адам өзінің жеңілгенін білгенде неше түрлі ақымақтыққа барады екен. Қайтеміз, аман болсын! Менің атымнан ыңғайысыз әңгімелер барып қалса түсіністікпен қараңыздар. Пошталарыңызға абай болыңыздар, достар!” – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Желі қолданушылары ақынды қолдай түсіпті. Алайда арасында соңғы салған суретіне сын айтқандар да табылыпты.  “Не болды сізге, шалқайып кетіпсіз ғой?” депті бұл турасында әлеуметтік желідегі қауым.

Ал оның парақшасын бұзған адамға қатысты желі қолданушылары: “Ол адамға жазғаннан не пайда?! Ондай адамдарға ештеңе айтудың қажеті жоқ” деген пікір білдірген.

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru
Фото: instagram.com
Загрузка...