Айгүл Иманбаева бизнес ашты

196 просмотров

Осыдан бірнеше ай бұрын Айгүл Иманбаева еліміздің бас қаласы Астанаға ауысқанын хабарлаған едік. Ал, одан сәл ертерек актриса Алматы шаһарында өзінің мектеп студиясын ашқан-ды. Осылайша бизнесін дөңгелетуде. Енді міне, Айгүл ханым тағы да бір кәсіпті қолға алды. Онда үйге арналған түрлі маталарды, перделерді тігеді.

Бұл туралы gakku.kz хабарлайды.

5627923f1a7b5bc37d2a2b8f591

Мұндай ақпаратты Иманбаева ханымның инстаграмдағы парақшасынан байқап қалдық. Онда әнші бұл дүкенді ашуды ұзақ ойластырғанын жазған. Айтпақшы, ол елордада бой көтеруде. Соңғы кездері отандық өнер жұлдыздары осындай бизнес көзін жиі іздестіруде. Бәлкім, дағдарыстың әсері болар. Кім білсін?! Тек шығармашылықтарын ұмытпаса игі.

 

Загрузка...