Ресей ракеталары құлайтын аумақта адам тұрмайды деген Альберт Рау елден кешірім сұрасын

429 просмотров

Астандағы жер комиссиясының отырысында саясаттанушы Айдос Сарым Қостанай облысындағы Ырғыз, Жангелді аудандарынан Ресей полигондарына жер телімдерінің жалға берілуін сынға алды.

Бұл туралы qamshy.kz хабарлады.

«Ресей шет ел ғой? Ал бізде шетелдіктерге жалға жер беруге мораторий жарияланды емес пе?», — деген Айдос Сарым, осы оқиғаға орай, «Ол өңірлерде адам тұрмайды», — деп мәлімдеген Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудың халықтан кешірім сұрауын талап етті.

Ал бұған Рау не дер екен? «Ол өңірлерде адам тұрмайды» деген вице-министр аталған аудандарда 30 мыңға тарта халықтың өмір сүріп жатқанынан хабардар ма? Ресей біз үшін шет ел, бірақ бұдан бұрынғы сөзінен аңғарғанымыздай, Путин олай ойламайды. Бұл ненің белгісі екен?.. 

Загрузка...