Ақтауда төбелескен келіншектердің екеуі Өзбекстанның азаматы болып шықты

197 просмотров

Ақтауда теңіз жағасында жаппай төбелескен келіншектер ұсталды. Оның ішінде 1983,1988 және 1990 жылғыларына қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Ал екеуі Өзбекстанның азаматы болып шықты.

Бұл туралы Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

„ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1- тармағы, яғни „Бұзақылық бойынша„ қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысқан келіншектер 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп, (4 миллион 242 мың теңге) қоғамдық жұмысқа жегілуі мүмкін немесе екі жылға дейін бас бостандығы шектеледі. Өзбекстан тұрғындарына да шетелдік азамат болғандықтан, қосымша әкімшілік шара қарастырылған„ — дейді облыстық ішкі істер департаментінің жетекшісі Жазира Әбіл.

Баспасөз қызметіндегілер интернеттегі бейнежазба сотта дәйек ретінде қолданылатынын айтты. Тергеу амалдары жүргізіліп біткен соң іс соттың қарауына беріледі.

Әйелдер төбелесі 24-маусымда Ақтау қаласының 7 ықшам ауданында болған. Төбелестің себебі белгісіз. Бұл жайтқа байланысты жергілікті полицияға ешкім арызданбаған.

Загрузка...