Ақтауда 7-қабаттан құлаған бала аман қалды

34 просмотров

Ақтауда 17-ықшам ауданда орналасқан Green Park тұрғын үй кешенінде жетінші қабаттан құлап кеткен кішкентай бала періштесі қағып, аман қалды. Дәрігерлер балақанға ешқандай зақым келмеген дейді. Оқиға 21 маусым күні кешкі уақытта болған.

Бұл туралы “Лада” хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, бала үйдің алдына тұрғызылған металл конструкциялы тор қоршаудың үстіне түсіп аман қалған.
Пәтер иелері кооперативі қызметкері баладан қорықпауын, ешқайда қозғалмауын сұрап, сатымен жоғары шығып баланы түсіріп алған.

Баланы ауруханада қараған дәрігерлер, оның ешқандай жарақат немесе зақым алмағанын айтты.

Құқық қорғау органдары қазіргі таңда болған жайды сараптап жатыр. Орын алған оқиғаға орай полиция жергілікті тұрғындарға терезелерін ашық қалдырмауды, егер үйде кішкентай бала болса, оларды қараусыз қалдырмауды сұрап өтініш айтуда.

 

Загрузка...