Ақтөбедегі теракт және Төлешовты құрықтау: Тасмағамбетов бұған не дейді?

1 008 просмотров

Ақтөбеде лаңкестер әскерилердің уақытша абдырап қалғанын пайдалана білді — қорғаныс министрі.

ҚР қорғаныс министрі Электроника және байланыс әскери-инженерлік институтында (Алматы) БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетов армияның бүгінгі ахуалы туралы әңгімелеп, журналистердің алуан түрлі сұрақтарына, оның ішінде, кейбір ыңғайсыз сұрақтарға да жауап берді.

90952-preview-image-1-e1470121539448
Қорғаныс министрі журналистармен кездесуде. Суретті түсірген ҚР ҚМ-нің баспасөз қызметі

Әңгіме барысында әскери ведомствоның басшысына Ақтөбеде лаңкестер әскери бөлімшеге шабуыл жасағанда, неліктен «Қарулан!» деген бұйрық берілген жоқ, дабыл көтерілгенде әскери бөлімшенің қызметшілері экстремистерге табан астында тойтарыс беруші еді ғой деген сұрақ қойылды.

Неліктен дабыл көтеретін бұйрық берілмеді?

— Шабуыл Ұлттық ұланның әскери бөлімшесіне жасалды, ол Ішкі істер министрлігінің бөлімшесі, — деді түсініктеме берген министр. — Ол да әскери құрылым, бірақ бейбіт кезеңде ондай бөлімшелер ІшкіІсМинге бағынады, ал соғыс уақытында — Қорғаныс министрлігіне. Сондықтан ондағы барлық бұйрықтар мен нұсқаулықтардың 80 пайызы әскери құжаттарға сәйкес, қалғаны — ерекшеліктерді ескерумен.

Қазір Ішкі істер министрлігі болған мән-жайды анықтап жатыр (лаңкестік шабуылдың жай-жапсарын — ред.). Бірақ сіздердікі дұрыс —

шабуыл болысымен «Қарулан!» деген бұйрық берілу керек

Ол берілісімен әскери бөлімше толығымен әскери әрекеттерге дайын болуы керек. Әр бөлімше өзі жауап беретін орынға жайғасуы тиіс.

Бірақ түсінесіздер ме, біздің барлығымыз жайбарақат емеспіз бе. Ештеңе болып жатқан жоқ, бәрі тыныш, жаймашуақ, бейбіт түрде өтіп жатыр, әр күніміз егіздің сыңарындай бір-бірінен аумайды. Содан барып, командирлердің айтқанын немесе жоғарыдан түскен бұйрықтарды әсіре қырағылық жасағандай көреді.

Мұндай жағдай Сирияда, Египтте орын алуы мүмкін, тек бізде емес деп ойлайды.

Сондықтан, сондай жағдай орын алғанда қаруланған әскерилер болған жоқ. Міне, осы уақытта әскерилер абдырап қалды. Соның салдарынан қаза болғандар да, жарақаттанғандар да болды… Бірақ соған қарамастан, дер кезінде есін жиған олар тойтарыс бере білді.

Ал егер оған (Ұлттық ұланның бөлімшесіне — ред.) жапсарласа орналасқан әскери бөлімшесіне келетін болсақ, ондағы жағдай төмендегідей болған:

қандайда бір әскери бөлімшеде тосын жағдай болған жағдайда хабар беру іске қосылады

Хабар беру — бөлімшені әскери дабылмен көтеру ғана емес, сонымен қатар, қажет болған жағдайда көмек көрсету. Ол орын алған жоқ. Бұл аспектіні де таразылау қажет, кейін оны автоматты түрде жасау үшін.

Естеріңізге салсақ: 2016 жылғы 5-маусымда Ақтөбеде қаруланған бір топ қылмыскер бағыттағы автобусты басып алып, жолаушыларын түсіріп тастаған. Қылмыскерлер басып алған автобуспен Ұлттық ұланның №6655 әскери бөлімшесінің қақпасын қиратып, әскери бөлімшенің аумағына баса-көктеп кіріп, әскери нарядқа және көмекке келген полицейлерге оқ жаудырған. Белсенді қарсылыққа тап болған қылмыскерлердің бір тобы бұғатталып, басқа тобы әскери бөлімшенің аумағынан қашуға мәжбүр болды. Атыс барысында қылмыскерлердің бірінің көзі жойылып, тағы біреуі жарақат алды. Ұлттық ұлан әскерилерінің үшеуі қазаға ұшырап, тағы алты жауынгер жарақаттар алды.

Тоқтар Төлешов ұйымдастырған әскери слет

Тағы бір қытыққа тиетін сұрақ 2016 жылғы 6-маусымда Тоқтар Төлешовпен (мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деп айыпталған) бірге құрықталған әскерилерге қатысты болды. ҰҚК хабарлағандай, шымкенттік төңкерісшімен бірге ҚР қорғаныс министрлігінің аймақтық «Юг» басшылығының №35748 және 55652 әскери бөлімдерінің командирлері, полковниктер Бекзат Жұмин және Қайрат Пернебаев тұтқындалды. Шын мәнінде, қандай оқиға орын алды?

— Алдымен тергеудің аяқталуын күтейік, — деді бұл сұраққа жауап берген Иманғали Нұрғалиұлы. — Бірақ сіздерге мынаны айтайын: «сыра серкесі» деген атаққа ие болған оны тұтқындаған соң, бейне таспа алып келді, оған

Төлешовтың ҰҚМ қызметкері болған әкесінің құрметіне ресейлік әскерилер шақырылған «десантшылар слетін» қалай ұйымдастырғаны түсіріліпті

Ол «слетте» өте көп әскери техника көрсетіліп, ұшақтар да тартылыпты…

Әлбетте, мен қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым, оның барысында олардың (Жұмин мен Пернебаев, — ред.) жоғары тұрған басшылықпен келіспей, өз беттерімен дербес шешім қабылдаған. Соның салдарынан мен оларды дереу командир міндетінен босаттым. Артынан олардың істерін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тапсырдым.

Менің ойымша, ол жерде қарапайым пара беру орын алған — оларға ақша берген…

Өкінішке қарай, мұндай жағдай кез келген ведомствода кездеседі…

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

 

Загрузка...