Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтөбеде танымал мецанаттың қылмысы толықтай дәлелденді

Мемлекеттік айыптаушы соттан қаржы жымқырған меценатқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Прокурор Өндіргеновтың әріптесі, сыбайласы Ербол Әділовті 8 жылға бас бостандығынан айыру керектігін айтты.

Атышулы алпауыт компанияның басшысына қатысты прокурор өз ұсынысын айтты. Енді қорғаушылар сөйлеп, айыпталушының соңғы сөзі тыңдалады.

– Мейіржан Өндіргеновке ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарып, бюджеттің 4,5 миллиард теңгесін жымқырды, аса ірі көлемде ақша бопсалады, ірі көлемдегі алаяқтық жасады, пайдакүнемдік мақсатта біреуді заңсыз бас бостандығынан айырды және қылмыстық жолмен алынған үлкен көлемдегі қаражаттың ізін жасырды деген бес бап бойынша айып тағылып отыр.

Екінші айыпталушы “Автопарк” мекемесінің бұрынғы директоры Ербол Әділов қылмыстық топ құрамында алаяқтық жасағаны және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін айыпталып жатыр, — дейді прокурор.

Алпауыт компания басшыларының қылмысы толық дәлелденген. Олар бір жылдан аса уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз