ҚР Ішкі істер министрлігі АҚШ-та із-түссіз жоғалып кеткен студенттің атынан жазылған жазбаны тексеруге алды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
„29-қыркүйекте „Болашақ„ бағдарламасы бойынша шетелге оқуға кеткен Ержан Еліковті іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түскен. Студент ата-анасымен байланысты 2011 жылдың наурыз айында үзген. Ол уақыттан бері студенттің жоғалғаны туралы Қазақстан полициясына ешкім арыз бермеген. Қазіргі кезде қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы бақылауға алынды”, – деді Сәдубаев.
Студенттің атынан жазылған пост Ержан Еліковтің парақшасында 13 қазанға қараған түні жарияланған. Қазіргі кезде жазбаның жойылғанын айта кетейік.