АҚШ-та 22 шілдеге дейін қаралы күн жарияланды

49 просмотров

АҚШ Президенті Барак Обаманың өкімімен Батон-Руж қаласында полицейлерге шабуыл жасау оқиғасына байланысты Ақ үйдегі, басқа федералдық ғимараттардағы, әскери базалар мен шет елдердегі Америка Елшіліктеріндегі тулар түсіріліп, 22 шілдеде күн батқанға дейін қаралы күн жарияланды.

Өткен жексенбіде Луизиана штатының Батон-Руж қаласында үш полицей қаскөйдің қолынан қаза тапқан болатын. Оларды бұрынғы теңіз жаяу әскері, Иракта әскери қызмет атқарған Гэвин Лонг атып өлтірген еді. Осылайша ол афроамерикалықтарға қатыгездік танытқаны үшін тәртіп сақшыларынан кек алмақ болған.

10 күн бұрын осындай оқиға Техас штатының Даллас қаласында болған. Оқиға кезінде 5 полиция қызметкері ажал құшқан.

Обама тәртіп сақшыларына жасалған шабуылды қатал сынға алды. Сондай-ақ оны «мемлекеттік қызметкерлерге, саналы қоғамға» жасалған шабуыл деп атады. Президент жұртты қоғамды жікке бөлмей, ел бірлігін сақтауға шақырды.

Еске сала кетейік, шілде айының басында полиция Батон-Руж қаласында жасөспірімді атып тастаған болатын. Бұдан кейін Миннесоте штатында тағы бір афроамерикалық полицейлердің қолынан қаза тапты. Осыдан соң қарсылық шаралары басталып, полицейлерге жекелеген тұлғалардың оқ ату оқиғасы жиілеп кеткен.

Лонг 2005-2010 жылдары АҚШ армиясы қатарында болған. 2008 жылы оған сержант атағы беріліп, 2008-2009 жылдары Иракта қызмет атқарған.

Дереккөз: Қазақпарат

Загрузка...