АҚШ көзге көрінбейтіндей етіп жетілдірген екі атом бомбасын сынап көрді

106 просмотров

АҚШ-та қайтадан жетілдіріліп жасалған B61-7 және B61-11 атом бомбаларын сынақтан өткізу сәтті өтті.

Бұл туралы шетелдік ақпарат көзіне сілтеме жасап, Lenta.ru хабарлады.

АҚШ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқармасы (NNSA) келтірген дерекке сүйенсек, көзге көрінбейтін екі оқатқыш бомба Невада штатындағы Тонола полигонына тасталды.

«Құрылғылардың сараптамасы мен борттағы өздігінен жазу құралдары тіркеген мәліметтер екі сынақтың да сәтті өткенін айғақтады», — делінген хабарламада.

NNSA АҚШ әскери әуе күштерімен бірігіп өткізген сынақтарының басты мақсаты жетілдіріп жасалған бомбалардың сенімділігі мен нақтылығын анықтау болғанын атап өтті. Мұндай атом бомбаларының алдыңғы сынақтары 2015 жылы қараша айында өткен болатын.

Загрузка...