20-маусымда АҚШ долларының ресми құны қайтадан нығайды. ҚР Ұлттық банктің 18-20-мамырға бекіткен 1 АҚШ долларының теңгеге шаққандағы құны — 338,59 теңге.
Ал өткен жұма күнгі ресми бағам 337,96 теңгені құраған болатын. Осылайша доллардың ресми бағасы бір күнде шамамен 1 теңгеге өсті.
Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 334-336 теңге аралығында сатып алынып, 337-338 теңге аралығында сатылып жатыр. Өткен күнмен салыстырғанда бейресми баға біршама арзандаған. Соған қарағанда бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы таңғы сессияда шетел валютасы құнын жоғалтуы ықтимал секілді.
АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 17-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 338,59 теңге деңгейінде нақтыланды.